
Анықтау мәселелері бойынша семинар-кеңес
Мемлекет басшысының 2021 жылғы 29 маусымда анықтау функцияларын азаматтық қорғау органдарына беру туралы, сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелеріне өртпен байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу бойынша өкілеттікті беру туралы заң жобасына қол қойылуына байланысты, 2021 жылғы 10 желтоқсанда БҚО ТЖД ғимаратында прокуратура, полиция, «ҚР ӘМ Сот сараптамалары орталығы» РМҚК БҚО бойынша сот сараптамалары Институты филиалының сарапшылары, БҚО ТЖД анықтаушыларының, Орал қаласының ТЖБ және аудандық ТЖБ, ӨСЗ мамандары және кезекші-диспетчерлік қызметтерінің (ДЖЖБ, ӨБОП ) өкілдерімен семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңесті өткізу барысында, Қылмыстық-процестік кодекске сәйкес сотқа дейінгі іс жүргізу мәселелері, сот сараптамаларын тағайындау сипаты, сондай-ақ өрттерге байланысты істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінің электрондық базасын жүргізу мәселелері қарастырылды.
БҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы