БҚО ТЖД бастығының жұмыс сапары

БҚО ТЖД бастығының жұмыс сапары

2021 жылғы 3-4 қарашада Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Е. Өтегенов Теректі, Бөрлі және Шыңғырлау аудандарына жұмыс сапарымен барған болатын.

         Теректі ауданының төтенше жағдайлар бөлімі және Федоровка ауылындағы  № 12 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен кездесті. Шара барысында өрт сөндіру бөлімінің материалдық-техникалық базасы, өрт сөндіру автокөліктерінің жағдайымен танысып, жеке құраммен кездесті.

         Департамент бастығы Шыңғырлау ауданының әкімі Ә.Б. Мұханбетжановамен кездесіп, ауданның төтенше жағдайға қатысты өзекті мәселелерін талқылады, оның ішінде аудан аумағында көктемде су ағатын жерлерге және өрт сөндіру бекетін салуға арналған жер учаскесін барып қарады, сондай-ақ, төтенше жағдайлар бөлімі және № 23 өрт сөндіру бекетін аралап, қызметкерлермен кездесті.

Ернұр Сапарұлы Бөрлі ауданының әкімі М.М. Саткановпен аудандағы төтенше жағдай бойынша мәселелерге тоқталып, кейін Жарсуат ауылындағы «Жағалауларды нығайту жұмыстары» жобасы бойынша жұмыстардың негізгі көлемін тексеріп өтті. Бөрлі ауылындағы өрт сөндіру бекетіне арналған жер учаскесін қарап шықты.

Сонымен қатар, қала жолдарына қызмет көрсететін мердігер ұйымдармен кездесу өткізіп, қыс маусымына күштер мен құралдардың дайындығын тексерді.

Ақсай қаласында жаңадан салынып жатқан өрт сөндіру бөлімінің ғимаратында болып, құрылыс барысымен танысты.

Бөрлі ауданы төтенше жағдайлар бөлімі, № 9 өрт сөндіру бөлімі және № 28 өрт сөндіру бекетіне барып, азаматтық қорғау қызметкерлерімен кездесті.

Ернұр Сапарұлы аудандық төтенше жағдайлар бөлімдері және өрт сөндіру бөлімдерінің бастықтарына бірқатар тапсырмалар беріп, шешу жолын қарастыруды тапсырды.