Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Ернұр Сапарұлы Өтегенов жұмыс сапарымен Ақжайық ауданы Чапаев кентіне барды.
Ернұр Сапарұлы жұмыс сапары барысында Чапаев кентінде орналасқан трассалық медициналық-құтқару пунктінің жай-күйі, күштер мен құралдардың жабдықталу барысымен танысты.
Тәулік бойы шұғыл медициналық көмек көрсететін бұл пункт бригадасының негізгі жұмысы төтенше жағдай орын алған кезде құтқару жұмыстарын жүргізуге, алғашқы көмек көрсетуге, зардап шеккендерді эвакуациялауға бағытталған.