Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен Атырау облысы ТЖД бастығы С.Битаев келді

Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен Атырау облысы ТЖД бастығы С.Битаев келді

Облысаралық ынтымақтастық және өзара іс-қимыл шеңберінде Батыс Қазақстан облысына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Сәбит Кенжеханұлы Битаев жұмыс сапарымен келді. 

Шекаралас шекара маңындағы аудандардың халқын, аумақтары мен ұйымдарын шекара маңындағы ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының Төтенше жағдайлар департаменттері арасында ағымдағы жылғы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі өзара іс-қимыл жоспарына қол қойылды.

Сәбит Кенжеханұлы жұмыс сапары барысында еліміздің ең байырғы өрт бөлімінде орналасқан өртке қарсы қызмет мұражайына барды, мұнда ол Батыс Қазақстан облысының өртке қарсы қызметтің құрылуы мен даму тарихымен танысты.  Сонымен бірге, "БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ" ММ жедел-құтқару жасағын аралап, құтқару жабдықтары және техникалары көрсетілді.