Ағымдағы жылғы 25 тамызда қызметкерлерге Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексінің талаптарын түсіндіру, әсіресе Е-otinish платформасында және ЭҚАБЖ-да өтініштерді ресімдеу тәртібін үйрету мақсатында zoom конференция арқылы Департаменттің және оған ведомстволық бағынысты мекемелерінің қызметкерлерімен ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің БҚО бойынша басқармасы өкілімен және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ өкілімен, сонымен қоса БҚО бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ҰАҚ филиалының қызметкерімен сабақ өткізілді.
Сабақта Е-otinish платформасында өтініштерді тіркеу кезінде ұшырасатын мәселелер талқыланды, сондай-ақ ҚР ӘРПК негізгі талаптары жеткізілді.