
Қазақстанның батысында дала және орман өрті өршіп тұр
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар Департаменті "Қазгидромет" ШЖҚ РМК деректері бойынша тамыз айының басынан бастап облыс аумағында ауа температурасының +41оС-қа дейін көтерілуі байқалатынын, кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталатынын хабарлайды.
Осыған орай облыс бойынша табиғи өрт оқиғалары жиілеп кетті.
Осылайша, 2021 жылғы 22 тамыз сағат 14-32-ден бастап Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округінде Бударин кентінен 3 км жерде "Чапаев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі КММ" аумағында құрғақ шөп пен орман алқабы өртенді, ал 21-20-да өрт Жайық өзені арқылы Теректі ауданына, Ақсоғым ауылдық округінде "Ақжайық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің" аумағына жайылды. Өрттің жалпы ауданы шамамен 265 га құрады, оның ішінде: 249 га құрғақ шөп және 16 га орман алқабы. Өрт 25.08.2021 ж. сағат 15-14-те жойылды.
24.08.2021 ж. сағат 12-42-ден бастап Бәйтерек ауданы, Щапов ауылдық округінің Үлкен Шаған кентінің маңында шамамен 100 га алаңда құрғақ шөп өртенді, "Орал орманшылығы" КММ орман екпелерінде 50 га алаңда өрт болды, өрт 25.08.2021 ж. сағ.03-20 жойылды.
24.08.2021 ж. сағат 13-30-дан Теректі ауданының Ақжайық а/о Абай ауылы мен Шаған ауылдық округінің Сатым ауылы арасында Ақжайық және Шаған орманшылығы аумағындағы ашық алаңда ауданы 30 га жуық 20 га құрғақ шөп өртенді, өрт 25.08.2021 ж. сағат 16-15-те ауыздықталды.
Болған өрттерде құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себептері, кінәлі адамдар және материалдық залал анықталуда.
БҚО ТЖД және өрттерді жою орындарында жедел штабтар құрылды, онда олардың жұмысына басшылық командалық-штабтық машина (ЖКМ) арқылы жүзеге асырылды.
Жоғарыда аталған өрттерді жоюға БҚО ТЖД бөлімшелерінің, "Өрт сөндіруші" ФАО, "Қазавиақұтқару" АҚ Атырау филиалының, кенттік округтер мен шаруа қожалықтарының ерікті өрт сөндіру құрылымы және ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі КММ күштері мен құралдары қатысты.
24.08.2021 ж. сағат 11-28-де Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының сұрауы бойынша "Қазавиақұтқару" АҚ Атырау филиалынан Атырау қаласынан Орал қаласына суағар құрылғысымен жабдықталған Ми-8МТ тікұшағымен (экипажымен) өрт ошақтарына өрт сөндіргіш заттарды беру арқылы орман өртін сөндіру үшін келді.
Тікұшақ тығыз өсімдіктері бар орман алқаптарындағы (БҚО Ақжайық, Теректі аудандары мен Бәйтерек ауданында) өрттерді жоюға қатысты, онда өрт сөндіру техникасы мен жеке құрамның жану ошақтарына кіруі қиындайды. 2021 жылғы 24-25 тамыз аралығында тікұшақ өрт ошақтарына 198 текше метр су жеткізіп, жақын орналасқан су қоймаларынан су беру арқылы орман алқаптарын сөндіруге қатысты.
Жүргізілген жедел іс-қимылдар нәтижесінде орман алқабының үлкен алаңдарына және өрттің елдімекендер мен егістік екпелерге таралуына жол берілмеді, бұл адам шығынына және елеулі материалдық шығындарға әкеп соқтыруы мүмкін.
Батыс Қазақстан облысының Ақжайық, Бәйтерек және Теректі аудандарында жалпы ауданы шамамен 480 га, оның ішінде дала және орман алқабы - 90 га. мен 390 га. құрғақ шөп өртенді.
Анықтамалық:
Өрттерді сөндіруге тартылатын күштер мен құралдар:
(Ақжайық ауданы Бударино кенті): ТЖД бөлімшелері (48 қызметкер және 12 бірлік техника), "Өрт сөндіруші" АҚ МЕӨҚҚ (10 қызметкер, 1 бірлік техника және 1 бірлік ПҰА), ЕӨҚ (26 қызметкер және 3 бірлік техника), Орман шаруашылығы (27 қызметкер және 6 бірлік техника) және "Қазавиақұтқару" Атырау ФАО (6 қызметкер және 1 тікұшақ). Барлығы: 117 л/с және 24 бірлік техника.
(Теректі ауданы Сатым кенті): ТЖД бөлімшелері (30 қызметкер және 5 бірлік техника), Лесхоз (20 қызметкер және 3 бірлік техника), ЕӨСҚ (12 қызметкер және 2 бірлік техника) және Атырау ФАО "Қазавиақұтқару" (6 қызметкер және 1 тікұшақ). Барлығы: 68 л/с және 11 бірлік техника.
(Бәйтерек ауданы, Үлкен Шаған кенті): ТЖД бөлімшелері (25 қызметкер және 6 бірлік техника), "Өрт сөндіруші" АҚ МЕӨҚҚ (7 қызметкер, 2 бірлік техника), ЕӨҚ (16 қызметкер және 4 бірлік техника) және "Қазавиақұтқару" Атырау ФАО (7 қызметкер және 1 тікұшақ).
Барлығы: 103 ж/қ және 23 бірлік техника.
Батыс Қазақстан облысы ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді. Өрт шыққан жағдайда дереу құтқару қызметінің "101" немесе "112" телефондарына қоңырау шалыңыз.