
2021-2023 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру мақсатында волонтерлікті дамыту мақсатында Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті волонтерлік ұйымдармен Төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдарға оқыту жүргізді. Оқыту Департаменттің жедел-құтқару жасағының аумағында таза ауада өтті. Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыстың еріктілер ұйымдарымен тығыз қарым-қатынаста.
БҚО ТЖД Төтенше жағдайларды жою
басқармасының инженері А.Айбулатова