
Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері!
Жаз- біздің балаларымыз үшін көнілді және абайсыздық кезеңі. Ата-аналар өте мұқият және қырағы болуы керек.
Жазғы демалыста қауіпсіздік ережелерін білу өте маңызды.
Судағы қауіпсіздік!!!
Ересектер мен балалар жүзуге және күнге қызып, таза ауамен демалуға қуанышпен әзір тұрады, сондықтанда, демалғанда өте мұқият болыңыз.
-Баланыздың сіздің көмегіңізсіз, әсіресе балон жүзу құралдарымен жүзуіне жол бермеңіз.
-Баланы суға тек жүзу жилетімен немесе қолмен қарап жіберіңіз.
-Су айдындарында балалардың ойын ойнауына, бір бірінен тығылуына және де бір-бірін батыруына жол бермеңіз.
-Су айдынының белгісіз жерлерінде буйкадан жүзуге және сүңгуге рұқсат бермеңіз.
-Баланың суда болу уақытын бақылап, суық тиюді болдырмаңыз.
-Күннің күйіп қалуын болдырмау үшін баланың терісін арнайы күннен қорғайтын құралдармен майланыз.
Табиғаттағы өрт қауіпсіздігі!!!
Тыйым салынады!!!
-Өрт қауіпті кезеңде ашық отты пайдалануға,
-Құрғақ шөптер көп жерде от жағуға.
-Өзіңізбен бірге орманға тез тұтанатын сұйықтықтарды апаруға.
-Орманда жанып тұрған сіріңкелерді, темекі тұқылдарын лақтыруға.
-Құрғақ шөпті күйдіріп желді ауа-райында от жағуға, оны қараусыз қалдыруға болмайды!!!
Мұқият және де, сақ болыңыз!!! Табиғатты қорғаңыз!!!
Тасқала ауданы ТЖБ