2021 жылғы 28 маусым мен 4 шілде аралығында Павлодар қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жасөспірімдер арасында ҚР ТЖМ XI жазғы чемпионаты өтті . Аталған жарыстан «БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Орал. қ)» ММ жасөспірімдер командасы жалпыкомандалық III орынға ие болды. Сондай-ақ чемпионаттың тағы бір бөлігі жекелеген жарыстан команданың спортшылары I, II, III орындарға ие болды. Жарыстан жүлдемен оралған «БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Орал. қ)» ММ жасөспірімдер командасын Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Өтегенов Ернұр Сапарұлы арнайы құттықтады, оларға сәттілік тіледі жәнеде еліміздің болашағы жастар екенін сөзге тиек ете отырып, жастарға әрдайым қолдау көрсету керектігінде айта кетті.
«БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Орал. қ)» ММ жасөспірімдер командасын құттықтай отырып, оларға әрқашан сәттілік серік болсын демекпіз.