
Орал қаласы Г.Бельгер 105 мекенжайында орналасқан «Бэби клуб» балалар ойын-сауық орталығында, балаларға арналған «Өрт қауіпсіздігін сақтаймыз» атты шара өтті. Шараға БҚО ТЖД қызметінің № 1 мамандандырылыған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушылары қатысты. Іс-шараның барысында бүлдіршіндерге өрт сөндірушілердің төтенше жағдай орын алған жағдайда қандай әрекеттер атқаратыны, жауынгерлік киімді қалай жедел киюге болады және оқиға орнына шұғыл аттану жағдайлары қалай іске асырылатыны, азаматтарға көмек қолын созу барысында қандай тәсілдер қолданатындары туралы мағлұмат айтылып, өрт сөндіру техникасы мен жауынгерлік киім көрсетілді.