2021 жылғы 17 маусым күні Орал қаласы Теміржол вокзалы ауданындағы теміржол көлігінде орын алған өрт оқиғасы бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді. Өрт-тактикалық оқу-жаттығуының мақсаты: өндіріс объектісінде шартты өртті сөндіру бойынша жеке құрамның іс-қимылын пысықтау және Орал қаласы гарнизонының өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің өрт сөндіруге дайындығын, бөлімшелердің іс-қимылдарына басшылық ету және олардың өртте лауазымды адамдардың міндеттерін орындауы бойынша басшы құрамның дайындық деңгейін тексеру. Сондай-ақ қызметкерлерді бастапқы оқиғаны анықтай білуге үйрету, қызметкерлердің эвакуациялауға дайындығын және өрт сөндіру бойынша жұмыстарды жүргізуді тексеру, объект қызметкерлерінің мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау тәртібі мен қағидаларына оқыту, адамдар мен материалдық құндылықтарды құтқару, эвакуациялау тәсілдерін оқыту және өрт сөндіру басшысының негізгі күштер мен құралдар келгенге дейін ықтимал (шартты) өртті жоюды ұйымдастыру бойынша қатысушылардың іс-қимылын нақты үйлестіру іскерлігін тексеру болып табылады. Аталаған өрт-тактикалық жаттығуға барлығы 8 техника, 30 қызметкер және «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС 1 өрт сөндіру поезды қатысты.