
Өкінішке орай, көп қабатты үйлердің терезелерінен балалардың құлап кету жағдайы азаймай тұр. Сандар көңіл көншітпейді, оқиғалардың бірінде бала қаза тапты. Бөрлі ауданы төтенше жағдайлар бөлімі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесе, еріктілерді тарта отырып, терезелерге блокираторлар орнату бойынша жұмыстар жүргізуде.