"Арай" балалар демалыс лагеріндегі оқушылармен түсінік жұмыстары ұйымдастырылды

"Арай" балалар демалыс лагеріндегі оқушылармен түсінік жұмыстары ұйымдастырылды

Шыңғырлау ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері еріктілермен бірлесіп, балалардың жазғы демалыс уақытында өрт қауіпсіздігі және суға түсу маусымы кезінде қауіпсіздіктің алдын алу бағыты бойынша, мектеп жанында өткізілетін "Арай" балалар демалыс лагеріндегі оқушылармен түсінік жұмыстары ұйымдастырды.

Іс-шара барысында оқушыларға өрт қауіпсіздігі және судағы келеңсіз жағдайларды болдырмау мақсатында бейнероликтер көрсетіліп, жадынамалар таратылды. Оқушыларға қауіпсіздік шараларын сақтамаған жағдайда орын алған бірнеше төтенше жағдай оқиғалары мысалға алынып, демалыс кезінде сақтық шараларын күшейту жөнінде кеңес берілді.