
«ҚР ТЖМ БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ»ММ (Орал.қ) жартыжылдықта білім беру орта мектептерінің оқушылары, колледж студенттері үшін оқу-жаттығу базасының аумағы бойынша экскурсия өткізілді, онда жасақ кинологтары иттермен бірге қатысты. Экскурсия барысында кинологиялық қызметтің айналысатын жұмыс және табиғи және техногендік жағдайларда іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде иттердің қандай рөл атқаратыны туралы айтылды. Сондай-ақ, іздестіру-құтқару иттерін үйретудің кейбір элементтері, мойынсұнудың негізгі негіздері және кедергілерді жеңу көрсетілді. Іс-шара соңында оқу-жаттығу базасының қонақтары иттермен суретке түсіп, қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға кинолог мамандардан жауап алды.