жұмыс іс-сапары

жұмыс іс-сапары

2021 жылғы 27 мамырда Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Ернұр Сапарұлы Өтегенов Бәйтерек және Тасқала аудандарына жұмыс сапарымен барды.

Жұмыс сапары барысында аудандар басшылығымен кездесіп, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, оның ішінде өрт қауіпті кезеңіне дайындық, суда шомылу маусымын қамтамасыз ету, жағажайларды, сондай-ақ жол картасы шеңберінде су тасқыны кезеңі мәселелерін талқылады.

Өрт сөндіру бөлімдері және өрт сөндіру бекеттері, жағажайлар құру орындары мен орынжай жағдайларымен танысты.

БҚО ТЖД баспасөз қызметі