Суицидтік, деструктивті мінез-құлықтың алдын алу

Суицидтік, деструктивті мінез-құлықтың алдын алу

Суицидтік, деструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша жұмыстың негізгі бағыттары: ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу болып табылады. Өзіне-өзі қол жұмсау үрдістерінің факторларының бірі алкоголь мен есірткіні пайдалану, осыған байланысты 2021 жылғы 14 және 21 мамырда «ӨС және АҚЖҚ ҚР ТЖМ БҚО ТЖД (Орал қ.)» ММ № 6, № 7 Өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен және жаңадан келген қызметкерлерімен суицидтік әрекеттердің және деструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында «Мен өмірді таңдаймын» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға облыстық ЖИТС орталығының профилактикалық бөлімінің эпидимиолог дәрігерлері С .К. Ашимова, Виктория Цой, Г. Б. Қуанышева , психологиялық қызмет тобының бас маман - психологы азаматтық қорғау майоры С. С. Мұхамбетжанова қатысты. Семинарда жеке-отбасылық жанжалдарға және қызметкерлердің қайғылы оқиғаларына әкелуі мүмкін есірткі құралдарын пайдалану мен алкогольді теріс пайдаланудың зиянды әсері, диструктивті мінез-құлық түрлері талқыланды.