
2021 жылғы 19 мамырда БҚО Білім басқармасымен Батыс Қазақстан облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері М.М. Таңатовтың қатысуымен «Жазғы демалыс кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру, сондай – ақ балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметін ұйымдастыру бойынша қауіпсіздік шараларын сақтау туралы» семинар-кеңес өткізілді. Семинар барысында М.М. Таңатов лагерь қызметкерлерін су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерімен және № 34 бұйрықпен таныстырды, сондай-ақ ТЖД қызметкеріне бірнеше сұрақтар қойылып, толық жауаптар берілді.
Ыстық ауа-райының басталуына байланысты біз Сіздерге су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша бірнеше кеңестер бергіміз келеді.
Суда қауіпсіз жүру ережелері:
Тек арнайы жабдықталған жерлерде шомылыңыз.
Бейтаныс жерлерде сүңгуге болмайды.Буялардың артында жүзбеңіз.
Суда ойнау кезінде бір-бірінің қолдары мен аяқтарын ұстамаңыз.
Жүзе білмейтіндерге тек тереңдігі 1,2 метрден аспайтын арнайы жабдықталған орындарда ғана шомылуға болады.
Есіңізде болсын! Судағы қауіпсіз мінез-құлық шараларын қатаң сақтау ғана апаттың алдын алады.