
«Өрт сөндіруші» АҚ БҚО филиалының қызметкерлері «Самал» демалыс лагері аумағында «Жасыл көктем» экологиялық сенбілігін ұйымдастырды және жыл сайын ұйымдастырылатын «Таза жағалау» экологиялық акциясына белсене қатысты. Мамыр айы – дәстүр бойынша тазалық пен ретке келтіру айы, ал сенбіліктер – қайырымды дәстүр! Сонымен қатар бұл корпоративтік рухты көтерудің, ұжымның бірігуі және психологиялық климатты жақсартудың тамаша тәсілі.