"Меркурий" СҮ аумағындағы қойма жанды

"Меркурий" СҮ аумағындағы қойма жанды

2021 жылы 17 мамыр күні 16 сағат 00 минутта 101 пультіне Орал қаласы, Лесозащитная 4 мекенжайында орналасқан «Меркурий» сауда үйінде өрт шыққаны жөнінде хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына Қызметтің 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы аталған мекенжайға жедел жетіп, барлау жұмыстарын жүргізу барысында «Меркурий» сауда үйі аумағында қойма жанып жатқанын анықтады.

Қойманың жалпы ауданы 1335 шаршы метрді курайды, бастапкы өрт ошағы 800 ш/м. Өрт оқиғасына 2-ранг жарияланып, жедел штаб құрылды.

Оқиға орнына 70 қызметкер, 19 бірлік техника және 1 өрт сөндіру поезы жұмылдырылды.

Өрт 18 сағат 10 минутта оқшауланып, 19 сагат 00 минутта толыктай жойылды.