
Қызметтің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 12 мамырда жедел-құтқару жасағының барлық жеке құрамы қатысуымен практикалық жаттығулар өткізілді. Жеке құраммен жаттығуға автокөліктер, жүзу жабдықтары мен арнайы техникалық құралдар, кинологтар, жасақтың сүңгуір құрылғылары жұмылдырылды.
Жаттығу Хан тоғайында, Меловые горки, Круглоозерное, Подстепное және Шаған өзенінде өткізілді. Өткізу барысында компас және GPS құрылғылары қолданылды. Практикалық жаттығуларда шұғыл көмек көрсету бойынша әдіс-тәсілдер, әртүрлі орындарда зардап шеккендерді тасымалдау әдістері мен бейтаныс жерлерде құтқару жұмыстары пысықталды.
Жасақтың оқу-жаттығу базасында орналасқан оқу элементтерінен өту бойынша жеке құрамның дағдылары мен іс жүзінде білімдері тексерілді. Сүңгуірлермен сүңгу бойынша практикалық сабақтар өткізілді, сондай-ақ авариялық-құтқару құралдары мен арнайы құрал-саймандарды қолдану білімдері тексерілді. Бұл сабақтар түрлі жағдайларда қойылған міндеттерді орындау үшін Қызметтің құтқару бөлімшесі мен жасақ топтарының жұмысқа дайындығын тексеру мақсатында өткізілді. Осы іс-шаралар барысында жеке құрамға орындаған дайындықтары бойынша баға берілді. Іс-шаралар барлық санитарлық нормаларды толық сақтай отырып жүргізілді.