
Құтқарушы иттердің сынақтан өтуі
Ағымдағы жылы мамыр айының басында Кинологиялық есеп-топтар сертификациялық сынақтан өтті. Аталған сертификациялық сынаққа Қызметтің жедел-құтқару жасағы кинологиялық есеп-тобының «ИЛАЙ» және «ДЖЕССИ» есімді құтқарушы иттері қатысты. Сынақтағы ең басты мақсат - кинологиялық есептеулердің дайындық деңгейін, сыныптық біліктілігін тағайындауды немесе растауды, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерді анықтау үшін іздеу иттерін дайындау және қолдану тәжірибесімен алмасуды тексеру болып табылады.
Сертификаттау сынақтары 3 кезеңнен тұрды: мойынсұну және ептілік жаттығуларының арнайы кешенін орындау және кинолог маманның командаларын орындау, орманда және техногендік үйінділерден адамдарды іздеу, табу.
Қорытынды хаттамаға және төрешілер комиссиясының отырысына сәйкес жедел-құтқару жасағының кинологиялық есеп-топтарына Төтенше жағдай орын алған аймақтарынан адамдарды құтқару бойынша операцияларға қатысуға мүмкіндік беретін іздестіру–құтқару жұмыстарын жүргізуге рұқсат берілді.