Облыстың су айдындарындағы қауіпсіздік

Облыстың су айдындарындағы қауіпсіздік

Облыстың су айдындарындағы қауіпсіздік

 

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тұрғындар арасында алдын алу сипатындағы профилактикалық жұмыстар жүргізеді: акваторияларда рейдтер, жаднамалар тарату, дәрістер, әңгімелесулер, интерактивті сабақтар өткізу.

Ауа райының жылы болуын ескере отырып, Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды су айдындарында болған кезде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Балық аулауды жеке құтқару құралдары болған жағдайда ғана жүзеге асыру ұсынылады, өткел орындарында торларды орнатуға жол берілмейді. Егер Сіз балықшы болсаңыз немесе қайықта аң ауласаңыз, онда ол техникалық жарамды, су төгу және құтқару құралдарымен жабдықталған болуы тиіс. Қайықта болған кезде міндетті түрде құтқару кеудешесін кию қажет және ешқандай шұғыл қимыл жасауға, ернеу арқылы еңкеюге, қайықта тұруға және жүруге болмайды.

Демалыс орындарында су айдынында болған кезде мыналарға мән берген жөн:

- алкогольден және есірткіден мас болған күйінде суға кіруге және шомылуға;

- суға қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан секіруге;

- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге;

- жүзудің шекарасын белгілейтін қалтқыдан жүзуге;

- жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;

- кемелерге жақындауға;

- су қоймаларын ластауға және қоқыстауға;

- балалардың ересек адамдардың қараусыз суға түсуіне жол берілмейді.

 

БҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы