
Қауіпсіз демалыс
Теректі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері ауданның оқу орындарында мектеп оқушыларына табиғатта өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін түсіндіру бойынша лекция өткізді.
Алдағы мейрам күндерінде тұрғындардың, оның ішінде оқушылардың табиғат аясына жаппай демалысқа шығу мүмкіндігін ескере отырып балаларға орманды дала алқаптарында, табиғатта өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін түсіндірді.