
«Далалық жанулар мен өрттерді сөндіру»
Жаңақала ауданы төтенше жағдайлар бөлімі 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын орындау мақсатында, 29 сәуірде Казталов ауданының Талдыапан ауылдық округі мен Жаңақала ауданы Пятимар ауылдық округінің шекарасында екі ауылдық округінің ерікті өртке қарсы құрамаларының қатысуымен «Далалық жанулар мен өрттерді сөндіру» тақырыбында тактикалық жаттығулар өткізді.
Практикалық жаттығуға, екі аудандық төтенше жағдайлар бөлімдерінің бастықтары, аудан әкімі аппараттарының ТЖ жөніндегі бас мамандары, ауылдық округ әкімдері, екі округтің ерікті өртке қарсы құрылымдары қатысты.
Пятимар ауылдық округінен: 12 адамнан тұратын аспалы өрт сөндіргіштерімен ерікті өртке қарсы құрылымы, 2 дана МТЗ-82 тракторы су тасығыш тіркемесімен, 1 дана УАЗ («таблетка», 1 тонна су және мотопомпамен жабдықталған) автокөлігі қатысты.
Талдыапан ауылдық округінен: 13 адамнан тұратын аспалы өрт сөндіргіштерімен ерікті өртке қарсы құрылымы, 1 дана МТЗ-82 тракторы соқасымен, 1 дана су тасығыш автокөлігі, 1 дана УАЗ («таблетка», 1 тонна су және су шашатын құралдарымен жабдықталған) автокөлігі қатысты.
Жалпы 25 адам, 6 техника қатысты.
Жаттығу барысында ерікті өртке қарсы құрылымдарының мүшелеріне практикалық көмек көрсетіліп, қосымша кіріспе тапсырмалар қойылды.
Нәтижесінде, ерікті өртке қарсы құрамаларының дала жанулар мен өрттерді сөндіруге дайын деген баға берілді.