Өрт қауіпсіздігін қатаң сақта

Өрт қауіпсіздігін қатаң сақта

2021 жылғы 29 сәуір 12 сағат 49 минутта 5-шағын аудан, 1-үй, көп қабатты үйдің 3-қабаты 185-пәтерінің балконында 3 шаршы метрде жеке заттар жанған.

Өрт БҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінің № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің күшімен толықтай жойылды. Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің алдын ала шығу себебі – тұрғындардың отпен абайсыз болуы.

Оқиға орнында 2 бірлік техника және жеке құрамнан 6 адам жұмыс жасады.

 

Құрметті Батыс Қазақстан облысы тұрғындары мен қонақтары! ЕСІҢІЗГЕ САҚТАҢЫЗ:

Өрт қауіпсіздігін қатаң сақтағанда ғана өзіңізді және жақындарыңызды аман алып қаласыз.