
Орманды өрттен қорғаңдар!
Көп жылдар бойы өз бетімен бой көтеріп жайқалып өскен немесе адам қолымен отырғызылған жасыл желекті - орман бірнеше сағаттың ішінде отқа оранып жойылып кетуі мүмкін. Орман өртінен кейінгі көрініс жан түршігетіндей: көрікті демалыс орындары қара күйе ағаш бағандары мен формасыз құлаған ағаш үйінділеріне айналады.
Орман әр жылы әр түрлі белсенділікпен жанады, бұл тек ауа райының қолайсыздығынан ғана емес. Орман өрттері әр түрлі себептермен болады. Олардың басым көпшілігі – сөндірусіз қалдырылған от, тұтанған темекі қалдықтары мен шырпы, құрғақ шөпті жағу болып табылады. Жаз мезгілінің басы мен орта кезі орман үшін өте қауіпті мезгіл, ыстық та аңызақ, соңы қатты желге айналады. Былтырғы жылғы шөпті өсімдіктер, түскен жапырақтар әбден кеуіп жану материалдарына айналады. Жыл өткен сайын өрттен келетін зиян ұлғайып барады. Өрт қауіпті мерзімде мемлекеттік орман қоры аумағында жас қылқан жапырақты орман отырғызылған жерде, бұрын болған өрт орындарында, бүлінген орман учаскелерінде, жарылған ағаш қалдықтары мен дайындалған ағаш отындары бар орман ішіндегі ағаш кесетін жерде, кеуіп қалған шөпті өсімдіктер орындарында, сондай-ақ ағаштардың ұшар басы маңында от жағуға тыйым салынады; аңшылық құрғанда оталғыш немесе бықсығыш материалдардан отын қолдануға, жанармай заттарын сүрткен материалдарды арнайы қарастырылмаған жерлерде тастауға, іштен жанатын қозғалтқыш істеп тұрған кезде отынды бакка құюға, қозғалтқыш қуат көзі жүйесінің ақауы бар машинаны қолдануға, сондай-ақ жанармаймен жүретін машиналардың жанында темекі шегуге немесе ашық түрде от қолдануға тыйым салынады. Мемлекеттік орман қоры жерлерінде, орман алқаптарында шөптерді, тал-шыбықтарды, бұталарды жағуға тыйым салынады.
Шыңғырлау ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындардың табиғатты оттан қорғауға, өрт қауіпсіздігін сақтауға назар аударады.