ТЖ алдын алу және жою бойынша комиссия отырысы өтті

ТЖ алдын алу және жою бойынша комиссия отырысы өтті

ТЖ алдын алу және жою бойынша

комиссия отырысы өтті

 

2021 жылдың 21 сәуір күні Батыс Қазақстан облысының әкімінің бірінші орынбасары  М. Манкеевтің төрағалығымен облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша комиссиясының кезекті отырысы өткізілді. Күн тәртібінде табиғи өрт қауіпті кезеңіне дайындық пен суға түсу маусымында адам өлімінің алдын алу мәселелері қаралды.

2021 жылдың 1 тоқсанында облыс аумағында 88 өрт оқиғасы тіркелді, өрттен материалдық залал мәлімделмеді, орын алған өрттерде 3 адам түрлі дәрежедегі дене жарақатын алып, 3 адам қаза тапты.

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өрт санының 6,4% - ға азаюы байқалады, зардап шеккендер саны 2 жағдайға азайды, қаза болғандар саны өзгеріссіз. Өрттерде балалардың қаза табу оқиғасы тіркелген жоқ.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде облыс аумағында жалпы алаңы 50 га 5 табиғи жану орын алды (Орал қ. – 4, Бөрлі ауданы - 1).

Облыс аумағында облыс әкімдігінің 2018 жылғы 14 ақпандағы №22 «Батыс Қазақстан облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалу, туризм және спорт үшін орындарды айқындау туралы» қаулысымен су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалу, туризм және спорт үшін 69 орын айқындалды, бірақ нақты иелеріне 10 жағажай бекітілген.

2020 жылы  21 адам суға батып кетті, 8 адам құтқарылды, оның ішінде 6 бала. Су айдындарында адам өлімінің негізгі себептері:

- баланың ата-анасына бақылаудың болмауына байланысты;

- мас күйінде;

- балық аулау кезінде;

- абайсызда.

Жиналыс соңында М.Манкеев барлық уәкілетті органдарға және облыстық азаматтық қорғау қызметтеріне өрт қауіпті кезеңі мен суға түсу маусымы кезінде төтенше жағдайларды болдырмауға бағытталған шараларды орындауға тапсырма берді.

         БҚО ТЖД ТЖААБ