
Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шаралары
Тұрғын үйлердің, пәтерлердің, аулалық құрылыстардың, жеке гараждардың және басқа да тұрғын алаңдардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында есте сақтау қажет:
- үйдегі электр жабдықтары мен электр аспаптары дұрыс жағдайда болуы керек;
- электр плиталары мен басқа да жылыту аспаптары отқа төзімді негізде ғана қолданылуы тиіс, яғни керамикалық, металл немесе асбоцементті тұғырға орнатылуы тиіс;
- жылыту құралдарын тез тұтанатын заттарға жақын орнатуға немесе оларды тікелей ағаш үстелдерге, тұғырларға қоюға болмайды;
- электр жылыту құралдарын пайдалану кезінде оларды қараусыз қалдыруға немесе балаларға бақылауды тапсыруға болмайды;
- үй-жайдан шыққан кезде немесе түнгі уақытта жылыту аспаптары өшірілуі тиіс.
Ажыратылмаған, қараусыз қалдырылған аспап үй-жайдағы өрттің себебі болуы мүмкін.
Қаратөбе ауданы ТЖБ