Көктемгі кезеңдегі өрт қауіпсіздігі

Көктемгі кезеңдегі өрт қауіпсіздігі

                                Көктемгі кезеңдегі өрт қауіпсіздігі

 

        Жыл сайын көктемгі кезеңде азаматық қорғаудың барлық күші өрттің алдын алу, өрт кезінде жарақаттану мен адам өлімінің алдын алу бойынша іс-шараларды өткізуге бағытталған.

        Көктем - ең өрт қауіпті маусым болып саналады, былтырғы құрғақ шөп қалады, осы кезеңде өрт кез-келген қадағалаудан, сөндірілмеген темекі тұқылынан, құрғақ шөпті арнайы жағу және аумақты тазалау кезінде қоқысты бақылаусыз жағудан туындауы мүмкін!

        Өрттің алдын алу үшін сақтық шараларын сақтау қажет:

* аумақты жинағанда құрылыстың жанындағы қоқысты өртемеңіз, құрылыстар мен жағылатын қоқыс арасындағы қашықтық кемінде 50 м. болуы тиіс, қоқысты өртеген кезде толық тоқтатқанға дейін жануды бақылау қажет. Құрғақ және желді ауа райында қоқысты жағуға заңмен тыйым салынады. Ғимараттар арасындағы өтпе жолдар мен өртке қарсы бөліктерді құрылыс және басқа да жанғыш материалдармен жаппаңыз, бұл өрт сөндіру техникасының өтуіне кедергі келтіреді.

         Жеке тұрғын үйлерде қоқысты контейнерге жинап, арнайы жабдықталған қоқыс алаңына апару керек, ал үйдің жанында көктемгі және жазғы кезеңде өртті сөндірудің бастапқы құралдарының болуын қамтамасыз ету қажет (көлемі 200 литрден кем емес су бар бөшке, шелек, құм салынған жәшік, күректер).

Тұтану анықталған жағдайда оқиға болған жердің нақты мекенжайын  көрсетіңіз, "101" телефон номері бойынша дереу хабарлаңыз. ОТПЕН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАҢЫЗ!