Қала аумағында қоқыстың, шөптің жануын болдырмау мақсатында ТЖБ профилактикалық іс-шаралар кешенін жүргізуде

Қала аумағында қоқыстың, шөптің жануын болдырмау мақсатында ТЖБ профилактикалық іс-шаралар кешенін жүргізуде

Қала аумағында қоқыстың, шөптің жануын болдырмау мақсатында ТЖБ профилактикалық іс-шаралар кешенін жүргізуде

 

Қала тұрғындарының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Орал қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері қала аумағында ашық отты пайдалануға, қоқысты, шөпті, өсімдіктерді жағуға жол бермеу мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

Қызметкерлер өрттердің алдын алу және олардың салдарын азайту бойынша профилактикалық жұмыс шеңберінде азаматтармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде (қауіпсіздік пен қорғаудың барлық қажетті шараларын сақтай отырып), профилактикалық жұмыс барысында өрт қауіпсіздігі қағидаларын еске салып жадынамалар таратуда.

Орал қаласының ТЖ басқармасы еске салады! Абайсызда өрттің шығуына жол бермеу үшін келесі ережелерді орындаңыз:

- ең алдымен өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтаныз;

- бұталардың, ағаштардың, ағаш құрылыстардың жанында құрғақ шөптерді, қоқыстарды өртемеңіз;

- отты қарусыз қалдырмаңыз, балаларға сіріңкемен ойнауға, шөпті өртеуге жол бермеңіз;

- оттың бір құрылыстан екіншісіне ауысуын болдырмау үшін шаруашылық аулаларының, гараж кооперативтерінің аумағын қоқыс пен құрғақ шөптен тазартыңыз;

- жанып тұрған сіріңкелер мен темекі тұқылдарын лақтырмаңыз, орманда өздігінен жанатын материал мен шыны ыдыстарды қалдырмаңыз, олар күн шуақты ауа-райында күн сәулесін түсіріп, құрғақ өсімдіктерді тұтатдыру мүмкін,

- орман өртін байқаған кезде оны сөндіру жөнінде шаралар қолданыңыз, мүмкін болмаған жағдайда өртті өз күшіңізбен сөндіруге кірісіңіз, қауіпсіз жерге кетіңіз және ол туралы орман шаруашылығы, өрт сөндіру қызметі мен полиция қызметкерлеріне дереу хабарлаңыз.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда «101» немесе «112» телефонына хабарланыз.