
Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті тұрақты негізде облыстағы су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізеді, соның ішінде су тасқыны қаупі бар учаскелерге тұрақты бақылау жүргізеді. Қалыптасқан су тасқыны жағдайынан ағымдағы уақытта су тасқыны қаупі бар учаскелер тізбесі қалыптастырылды. Осы тізбенің негізінде картада ықтимал су тасқыны жағдайын белгілей отырып, аэровизуалды тексеру жүргізу маршруты жасалып, 2021 жылғы 8 сәуірде БҚО ТЖД басшылығы Теректі, Бөрлі және Шыңғырлау аудандарының аумағын аэровизуалды тексеру жүргізді.
Ұшу барысында аудан аумағындағы қар жамылғысына, Жайық, Утва, Қайыңды, Елек, Ащы өзендерінің бассейндеріндегі тасқын суының өтуіне, гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне мониторинг жүргізілді. Ең көп қар Шыңғырлау ауданында сақталуда. Сондай-ақ, аудандық маңызы бар жолдардың толып кетуіне немесе шайылуына әкелуі мүмкін тасқын судың көп мөлшері бар жерлер анықталды. Содан кейін Департамент басшылығы әкімдік өкілдерімен бірлесіп, Қайыңды ауылы маңындағы Қайыңды өзеніне жер үсті зерттеу жүргізді, оның барысында елдімекенді су басуына жол бермеу және Қайыңды өзенінде су түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу туралы келісілген шешім қабылданды.
Жалпы өңірдегі су тасқыны жағдайы тұрақты және облыстық су тасқынына қарсы штабтың тұрақты бақылауында.
БҚО ТЖД баспасөз қызметі