
Облыс аумағында ауа температурасының көтерілуіне байланысты қардың мейлінше еруі басталды, нәтижесінде, елдімекендер пункттерінің ауларалық аумақтары мен көшелерді қар суының басуы орын алуда.
Қар суының басу қаупін тоқтату және жібермеу мақсатында жергілікті атқарушы органдармен елдімекендер пункттерінен қарды шығару бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылғы 25 наурыздағы жағдай барлығы барлығы 800 мыңнан аса куб.м. қар шығарылды. Негізгі жұмыстар келесі жерлерде жүргізілуде: Орал қаласы – 633 384 куб.м., Бөрлі ауданы – 139 220 куб.м, Бәйтерек ауданы – 15 625 куб.м, Сырым ауданы – 3 400 куб.м, Тасқала ауданы – 3 850 куб.м, Шыңғырлау ауданы – 3 149 куб.м.
20 наурыздан бастап қала және аудандардың коммуналдық қызметтері қар суын сору бойынша жұмыстарды жүргізуде (тәулік бойы). Бүгінгі күні барлығы 26 000 куб.м. аса қар суы сорылды. Азаматтардан қар суынан суға кету қаупі туралы өтініштері түскен кезде Төтенше жағдайлар департаментінің күштер мен құралдары жедел түрде тартылады. 22-24 наурыз аралығында Төтенше жағдайлар департаментімен более 2500 куб.м. аса қар суын соруға 10 рет шығулар жүзеге асырылды.
Қар суымен басудың негізгі себептері аула аумақтарының қардан уақытында тазаламау болып табылады.