БҚО ТЖД құтқарушыларының жедел қимылы арқасында мұз астына түсіп кеткен автокөліктен екі адам шығарылды

БҚО ТЖД құтқарушыларының жедел қимылы арқасында мұз астына түсіп кеткен автокөліктен екі адам шығарылды

2021 жылғы 25 наурыз күні 11 сағат 06 минутта Ақжайық ауданы, Қабыршақты ауылы, Көшім каналына Mitsubishi Pajero  автокөлігі мұз астына түсіп кеткені жөнінде хабар келіп түсті.

Сонымен қатар, оқиға орнында құтқарушылар жұмыс атқарып жатқан уақытта 13 сағат 48 минутта Уаз Патриот маркалы автокөлігі мұз астына түсіп кеткені анықталды. БҚО ТЖД құтқарушыларының жедел қимылы арқасында мұз астына түсіп кеткен автокөліктен екі адам шығарылды

Екі оқиғада да зардап шеккендер жоқ. 

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті ЕСКЕРТЕДІ:

Мұзға шыққанда өте мұқият болу керек және қауіпсіздік шараларын сақтау керек!!! Қалыңдығы кемінде 10 сантиметр мұз бір адам үшін, 12 сантиметр бір топ адам үшін, жаяу жүргіншілер үшін      15 сантиметр, автокөліктер үшін 30 сантимертр қауіпсіз деп саналады. Мұз тез ағатын, су басатын және ағын су жүретін жерлерде, сондай-ақ су өсімдіктері өсетін жерлерде, ағаштар мен қамыстың жанында берік болмайды. Егер ауа температурасы 0 градустан жоғары болса, онда мұздың беріктігі 25%-ға төмендейді.  Мұздың беріктігін көзбен шолып анықтауға болады: мөлдір көк, жасыл реңктегі мұз – берік, ал ақ түсті мұздың беріктігі 2 есе аз. Сұр, күңгірт ақ немесе сары реңктері бар мұз ең сенімді емес. Мұндай мұз ескертусіз жарылып кетеді.

Әсіресе қардың қалың қабатымен жабылған жерлерде, бұлақтардың тез ағатын және шығатын жерлерінде, бұталардың, шөгінділердің, шөптердің бетінен шығатын жерлерде, бұлақтардың су қоймаларына құятын жерлерде абай болу керек.

Мұзда балық аулау кезінде жақын жерде көптеген тесіктерді тесуге болмайды. Қиындықты болдырмас үшін балықшыда құтқарушы жилеті, сондай-ақ ұзындығы 15-20 м., бір ұшында ілмек және екіншісінде 400-500 г жүкпен арқан болуы керек.

Мұзды суға түскен адам 10-15 минуттан кейін қатайып,               20 минуттан кейін есін жоғалтуы мүмкін екенін білуіңіз керек. Сондықтан зардап шегушінің өмірі құтқарушылардың тез тапқырлығы және іс-қимыл жылдамдығына байланысты.

Құрметті тұрғындар, мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұраймыз!!!