
Мектептегі үгіт-насихат жұмыстары
Тасқала ауданында ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтына оқуға түсуді насихаттау және өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығының имиджін көтеру мақсатында мектептерде 9-11 сынып оқушыларына үгіт-насихат жүргізілді. Әңгіме барысында Ресей ТЖМ МӨҚ "Урал институтының" қатардағы азаматтық қорғау курсанты Бекетов Чингиз Саматович КТИ-ге түсу ережелері, талапкерлерге қойылатын негізгі талаптар, казармадағы өмір және оқу орнының артықшылықтарын айтып берді. Институт туралы бейнеролик көрсетіліп, ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтына түсу ережелері жөнінде жадынамалар табыс етілді.