Спорт - денсаулық кепілі

Спорт - денсаулық кепілі

Қазақстан Республикасының 30 жылдығына және Наурыз мейрамына
орай «Өрт сөндіруші» АҚ Батыс Қазақстан облысы филиалында волейбол
жарысы ұйымдастырылып өткізілді. Жарысқа Филиал бөлімдері мен өрт
сөндіру бөлімдерінің қызметкерлерінен құралған 4 команда қатысты.
Жарыс табанды тартыста өтіп, әр команда жеңіске деген ұмтылыс пен
ерік-жігер танытты.
Осы бірлескен волейбол жарысы ұжым қызметкерлерін одан сайын
біріктіріп, бойларына қосымша жігер берді.
Жарысқа қатысушылар мен жеңімпаздар дипломдармен және естелік
сыйлықтармен марапатталды.