Азаматтық қорғау саласындағы оқыту

Азаматтық қорғау саласындағы оқыту

Азаматтық қорғау саласындағы оқыту

 

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасы жыл сайын 2014 жылғы 14 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңы негізінде, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен БҚО ТЖД базасында облыстық Азаматтық қорғау курстарын өткізеді.

2021 жылға ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің мамандары мен басшыларын оқыту жоспарына сәйкес 19 түрлі санат бойынша 487 адамды оқыту жоспарланған. 10 наурыздан бастап «қалалық, аудандық эвакуациялық, эвакуациялық қабылдау комиссияларының мүшелері» санаты бойынша оқыту басталды. Карантиндік шектеулерге байланысты оқыту «ZOOM» мобильді қосымшасы арқылы қашықтықтан жүргізіледі.