
«Донор бол-өмірді сақта»
Әр адам өмірінде бір рет болса да «Шұғыл қан қажет» деген сөзді естіп жүргені бәрімізге аян. Бұл біреу келеңсіз оқиғаға душар болып, оған дереу қан құю қажет болғанда туындайды.
Қызметтің № 15 өрт сөндіру бекетінің өрт сөндіруші-құтқарушылары әртүрлі оқиғаларға шақырту алып, шақырту орнына барған кезде көптеген оқиғаларға куә болады. Соның ішінде адамдардың қан жоғалтуына байланысты өмір мен өлімнің арасында арпалысып жатқан жандарды кездестіріп жүр. Осындай жағдайлардың куәгері, әрқашан қиналып көмек сұраған жаннан қол ұшын созудан аянбайтын № 15 өрт сөндіру бекетінің жеке құрамы қанға мұқтаж жандарға көмек көрсету мақсатында Тасқала ауданының емханасында Облыстық қан құю орталығының мамандары қан тапсыру бойынша ұйымдастырған «Донор бол-өмірді сақта» акциясына қатысып, бекеттің құтқарушылары қан беруші донор болды. Бұл акцияның мақсаты – тұрғындарға көмек көрсету үшін қажетті қан қорын толтыру.
Қан құю орталығының мамандары донорларға алғыс айтып, олардың іс-әрекеттерінің маңыздылығын, сондай-ақ құтқарушылар тапсырған қан көптеген адамдардың өмірін сақтап қалуға көмектесетінін атап өтті.