
Теректі ауданы ТЖ бөлімі қызметкерлері аудандық Жастар ресурсы орталығының волонтерларымен бірлесіп тұрғын үй секторында рейд шараларын жүргізді. Рейд барысында Федоровка ауылының су басу қаупі бар аймақты мекендейтін тұрғындарға келеңсіз жағдайдың орын алуын күтпестен, өз мүлкінің сақталуын өзі қолға алу, яғни қарды алдын-ала тазалап, өз жер телімдерінен шығарып тастау қажеттілігі жөнінде ескертілді.
Сондай-ақ, адамдар көп жиналатын объектілердің, оқу орындары мен мектепке дейінгі ұйымдар басшыларына, қажетіне қарай мұз сүңгілері құлауы мүмкін жерлерде ескерту белгілерін орнатып, ленталарды қоршап ілу ұсынылды.
Теректі ауданы ТЖБ