
Ағымдағы жылдың 8-наурыз күні облыстық «AQJAIYQ» телеарнасында 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай «ҚР ТЖМ БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Орал.қ)» ММ кадр саясаты бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау капитаны Эльмира Казихановна Дарибаева және № 5 өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонсті азаматтық қорғау кіші сержанты Күндана Нұржановна Серикова ер жүрек ерлермен қатар әскери тәртіпті қатаң ұстайтын, облысымыздағы әскери салада қызмет етіп жүрген нәзік жанды аруларымен бірге «КҮНШУАҚ» бағдарламасында қонақта болып қайтты. Бағдарламада нәзік жанды арулар әскери киім киіп әрдайым қатал тәртіппен жүретін әйел қауымының жұмыстан тыс уақытта арулардың нәзік, отбасында аяулы ана, асыл жар бола алатындығын көгілдір экранның арғы жағындағы қалың көрерменге жеткізді. Сондай-ақ көрермен көкейіндегі сұрақтарға толығымен жауап берді.