Спорттық іс-шаралар

Спорттық іс-шаралар

Ағымдағы жылдың 6 наурыз күні Қазақстан Республикасы Тәуелсездігінің 30 жылдығына орай Орал қаласының жастары арасында шағын футбол ойыны өткен болатын.  Жарыстың мақсаты: жастардың денсаулығын нығайтуға септігін тигізетін, жан-жақты дамуына ықпал ететін белсенді ойын спорты ретінде шағын футболды дамыту және жастар арасында кеңінен тарату.  Сондай-ақ жарысқа қатысатын жастардың спорттық қабілеттерін жетілдіру, ойын шеберліктерін арттыру, жоғары жетістіктерге ынталандыру.  Аталған жарысқа «ҚР ТЖМ БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Орал. қ)» ММ қызметкерлері де қатысып,  Қазақстан Республикасы Тәуелсездігінің 30 жылдығына орай жұмысшы жастар арасында шағын футболдан «Еңбек кубогі» турнирінде « жүлделі  II орынға ие болды. Әріптестерімізді кезекті жеңістерімепн шын жүректен құттықтаймыз!