
Ағымдағы жылғы 8 наурызда 17 сағат 30 минутта Сырым ауданы «Самара-Шымкент» тас жолында Ақтөбе облысына қарай фура сынып, № 14 өрт сөндіру бекеті көмек көрсету және эвакуациялау үшін жедел жетті.
Құтқарушылар жеткен кезде «Самара-Шымкент» тас жолының 490 шақырымында 5 фура рөлге ие бола алмай жол жиегіне түсіп кеткені анықталды. Жүргізушілер эвакуациядан бас тартқан. Фураларды жол жиегінен шығару үшін көмек көрсетілуде.
2021 жылғы 9 наурыздағы жағдай бойынша 11 сағат 15 минутта «Самара-Шымкент» тас жолының 490-522 шақырымында жол жиегіне түсіп кеткен 5 фура қалып отыр, оның біреуіне техникалық ақаулығы және жол жиегінен шығаруға байланысты көмек көрсетілуде.
Сонымен қатар, осы күні 22 сағат 00 минутта «Орал-Тасқала-РФ шекарасы» (4-104 шақырымда Орал қаласы – РФ шекарасы) тас жолының жабылуына байланысты, Бірлік кенті шамасының 80 шақырымында жүргізушілер эвакуациядан бас тартқан 12 фура мен 3 жүк көлігі құтқарушылардың бақылауында болып, одан әрі жолға шығып кетті.
2021 жылғы 8 наурызда 23 сағат 49 минутта Орал қаласы Деркул-Белес ауылдық жолында Кардон кентінің шамасында БҚО Төтенше жағдайлар департаментрі қызметкерлерінің күшімен (жеке құрамнан 2 қызметкер және 1 бірлік техника) қар құрсауынан 3 жеңіл көлік жолдың тазартылған учаскесіне шығарылып, 13 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылды.
Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары!
БҚО Төтенше жағдайлар департаменті қыс мезгілінде жолдарда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады. Жолдардағы жағдай туралы ақпаратты «Дәрмен» мобильді қосымшасынан алуға болады.
Құтқарушылардың көмегі қажет болған жағдайда «112» нөміріне хабарласыңыз.