Оқушылармен ашық сабақ
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 облыстық мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 4, 9 және 11-сынып оқушыларымен жылыту маусымы, «Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс» және «Су тасқыны – 2021» айлығы аясында «Өрт қауіпсіздігі ережелері және алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану», «Баршаның назарына!» құлақтандыру сигналы, «Су тасқыны мен су басу кезіндегі іс-әрекеттер» және «Қыс мезгіліндегі сақтық шаралары» тақырыбында ашық сабақтар ұйымдастырды.
Ашық сабақ барысында, оқушыларға өрт қауіпсіздігі талаптары мен қыс мезгіліндегі қаупсіздік шаралары түсіндіріліп, өрт оқиғасы орын алу кезінде және «Баршаның назарына!» құлақтандыру дабылы мен су басу кезіндегі орындалатын іс-қимыл тәртібінің дағдылары көрсетіліп, жадынамалар таратылды. Сондай-ақ, жоғарғы сынып оқушыларына алғашқы өрт сөндіргіш құралдарын пайдалану тәсілдері үйретілді.
БҚО ТЖД Мемлекеттік
өрт бақылау басқармасы