Көктемгі су тасқынына дайындық

Көктемгі су тасқынына дайындық

Көктемгі су тасқынына дайындық

 

Көктемгі су тасқынына дайындық және халықты қажетті шаралар мен қауіпсіздік ережелеріне оқыту мақсатында, бау-бақша серіктестіктерінде тұрақты негізде Орал қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері еріктілермен бірлесіп рейдтік іс-шаралар ұйымдастырып өткізуде. Іс-шара шеңберінде Деркөл, Шаған және Жайық өзендерінің жайылмасында орналасқан, су басуы ықтимал аймаққа жататын бау-бақша серіктестіктерін аралау жүргізілуде. Үй иелерімен су деңгейінің көтерілуі кезеңіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша, сондай-ақ тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтар өткізілуде. Рейд барысында су тасқыны кезіндегі қауіпсіздіктің негізгі ережелері және су деңгейі күрт көтерілген жағдайдағы іс-қимыл тәртібі баяндалған тақырыптық үгіт материалдары таратылуда.

 

 

Орал қалас Төтенше

жағдайлар басқармасы