Құтқарылғандар құтқарушыларға зор Алғыстарын білдірді

Құтқарылғандар құтқарушыларға зор Алғыстарын білдірді

23 ақпан күні  03 сағат 30 минутта Тасқала ауданы, (Саратов-Орал тас жолы) Мерей ауылының тұсында ВАЗ-2114 маркілі автокөлігі кептеліп қалғаны жөнінде хабар келіп түсті. Шақырту орнына келіп жеткен Қызметтің № 15 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері 1997 жылы туған Н. есімді азаматты эвакуациялап, жылыту пунктіне жеткізді. Оқиға орнында Қызметтің 1 техникасы мен жеке құрамның 2 қызметкері жұмыс атқарды.

Сондай-ақ, 23 ақпан күні 05 сағат 47 минутта Ақжайық ауданы, Көнекеткен ауылының тұсында Газель автокөлігі кептеліп қалғаны жөнінде хабар келіп түсті.  Шақырту орнына келіп жеткен қызметтің жедел-құтқару жасағының № 6 құтқару бөлімшесінің қызметкерлері кептеліп қалған автокөлікті шығарып, автокөліктің ақаулығына байланысты А. есімді азаматты жылыту пунктіне жеткізді. Оқиға орнында Қызметтің жедел-құтқару жасағының № 6 құтқару бөлімшесінің 1 техникасы мен жеке құрамның 3 қызметкері жұмыс атқарды.

Құтқарылғандар құтқарушыларға зор Алғыстарын білдірді.

Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары! БҚО Төтенше жағдайлар департаменті қыс мезгілінде жолдарда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады. Жолдардағы жағдай туралы ақпаратты «Дәрмен» мобильді қосымшасынан алуға болады.

Құтқарушылардың көмегі қажет болған жағдайда «112» нөміріне хабарласыңыз.