
Балабақша иелерімен онлайн-конференция
Балабақшалардағы өрттердің, балалардың қаза болуы мен жарақаттануының алдын алу мақсатында Орал қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп 47 балабақша иелерімен онлайн-конференция ұйымдастырып өткізіді. Конференция барысында мектепке дейінгі мекемелерді пайдалану және тұрғын үйлерді мектепке дейінгі мекемеге қайта жабдықтау кезінде туындайтын өрт қауіпсіздігі саласындағы негізгі проблемалық мәселелер түсіндірілді.
Орал қаласы Төтенше
жағдайлар басқармасы