Ашық есік күні

Ашық есік күні

Ашық есік күні

 

         Сырым ауданы төтенше жағдайлар бөлімі және № 14 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері облыс аумағында өтіп жатқан тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі және Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс айлығы қарсаңында оқушыларға өрт қауіпсіздігі білімін насихаттау, сондай-ақ құтқарушылар беделін арттыру, өрт сөндіру бөлімі мен қазіргі заман өрт жабдықтарымен таныстыру мақсатында «Ашық есік күнін» өткізді.

         Құтқарушылар оқушыларды өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері мен төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттермен таныстырды. Балалардың назарына жедел қызметтеріне «ойнап» хабарласуға болмайтыны және сол мезетте басқа адамдарға көмек қажет болуы мүмкін екендігі ескертілді.

         Экскурсия барысында оқушыларға өрт сөндірушілердің қызметтік бөлмелері, байланыс бекеті және қарауыл қызметінің демалыс бөлмесі көрсетілді. Барлық қатысушылар қызметтік бөлмелермен танысып болғаннан кейін, жауынгерлік көлік құралдарымен танысу үшін гаражға қарай беттеді.

         Балалар қызығушылықпен ештеңе жіберіп алмауға тырысып, аса ықыласпен тыңдады. Оларға өрт сөндірушілердің биік ғимараттардағы өрттерді сөндіруге, өрт баспалдағымен қалай көтерілетінін көру өте қызықты болды.

Сондай-ақ, құтқарушылардың апат және төтенше жағдайлар кезінде пайдаланылатын құтқару құралдары мен арнайы автокөліктер көрсетілді. Балалар түтін бөлмелерге қауіпсіз кіріп-шығатын маска мен өрт сөндірушілердің өрт сөндіруге арналған киім-кешектерін киіп көрді.

Экскурсиядан мол әсер алған оқушылар мамандарға ризашылықтарын білдіріп, естелік суретке түсіп көңілді тарқасты.