
«Әрдайым есімізде»
«Өрт сөндіруші» АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалында бұрынғы Кеңес Одағы кезінде жыл сайын 15 ақпанда атап өтілетін Интернационал-жауынгерлерді еске алу күніне орай салтанатты шара ұйымдастырылып өткізілді.
Бұл күні Ауған соғысының ауыр жолдарымен жүріп өткен жауынгерлерін тек еске алып қана қоймай, азаматтық борышын, жауынгерлік батылдықты жоғары сезінетін, әскери антқа адал адамдарды атап өтуіміз қажет.
Бүгін арамызда Ауған соғысын өткеріп, сол оқиғалардың куәсі болған әріптестеріміз бар: олар 45-КАҚБ байланыс пунктінің радиотелефонисті запастағы прапорщик Мұтиғолла Нұржанов және 35-КАҚБ жүргізушісі запастағы старшина Сергей Григоренко.
Филиал директоры Б.А. Оспанов интернационал-жауынгерлерге естелік сыйлықтар мен Алғыс хаттар табыстап, азаматтылығы, Отан сүйгіштігі және филиалдың жас қызметкерлерінің өмірлік ұстанымын қалыптастырудағы еңбектері үшін алғысын білдірді.