Қаратөбе ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні қарсаңында жергілікті еріктілермен @karatobe_zhastar бірлесіп, тұрғындар мен санатталған ұйымдардың қызметкерлері арасында азаматтық қорғаныс іс-шаралары және төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдар бойынша жадынамалар мен кітапшалар таратты.