
Профилактикалық шаралар
Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы аумағында жылыту маусымында өрттің алдын-алу және өрттерде адамдардың қаза болуы мен жарақаттануына жол бермеу мақсатында профилактигалық, үгіт-насихат шаралары жалғасуда. Аталған шараларға «Ақбастау» аудандық жастар қоғамдық бірлестігінің волонтерлері тартылды.
Қызметкерлер, жергілікті тұрғындар арасында қауіпсіздік жайында түсіндіріліп, жадынамалар таратылды.
Сондай-ақ, карантинді ескере отырып, мектеп оқушыларына тұрғын үйде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша «Zoom» қосымшасы арқылы онлайн-сабақтар өткізіліп, сабақтар барысында балаларға өрттің алдын алу, өрт кезінде оқушылардың алғашқы іс-қимылдары, күнделікті электраспаптармен қолдану тәртібі сабақтар өткізілуде және «Watsap», «Facebook» және т.б. ғаламтордың әлеуметтік қосымшалары мен мессенджерлер арқылы қауіпсіздік шаралары туралы бейнероликтер мен нұсқаулар таратылуда.