Сүңгуірлер дайындық үстінде

Сүңгуірлер дайындық үстінде

Сүңгуірлер дайындық үстінде

Жыл сайын жедел құтқару жасағының базасында сүңгуірлік-құтқару бөлімшесінің құтқарушы-басшысы Алексей Викторович Еремеев жас маман сүңгуірлерді және құтқару бөлімшелерінің сүңгуірлерін қайта даярлайды. Бүгінгі күні жедел-құтқару жасағында 5 сүңгуір станция жасақталған оның ішінде 38 сүңгуір бар, оның 4-уі Орал қаласында және 1-уі Чапаев кентінде. Ағымдағы жылы 100 сағаттық сабақтар ұйымдастырылды, онда 2 сүңгуір өз біліктіліктерін арттырса, қалған 3 сүңгуір алғашқы дайындықтан өтуде. Алдымен сүңгуірлер теориялық білім алып, кейін сол білімдерін практикамен ұштастырады. Сабақта қолданылатын сүңгуірлік жабдықты және сүңгуірлік іздестіру жүргізу дағдыларын меңгереді.Олар су астындағы авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарын жүзеге асырады.